Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шымкентте тоғызыншы қабаттың терезесінен құлаған 3 жасар бала көз жұмды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкентте бүлдіршіннің өліміне әкелген оқиға тіркелді.

терезе
Фото: pexels.com

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Қаратау ауданындағы Нұрсәт шағынауданында болған.

– 2023 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен абайсызда құлап кеткен. Алған жарақатынан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды, – делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, биыл Шымкентте балалардың терезеден құлауына байланысты 9 оқиға тіркелген. Салдарынан 4 бала көз жұмып, 5-еуі түрлі дәрежеде жарақаттанған.

Департамент өкілдері ата-аналар мен заңды өкілдерді балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Еске салайық, өткен жылы Шымкентте балалардың терезеден құлауына байланысты 5 оқиға тіркелген. Салдарынан 3 бала қаза тауып, 2-еуі жарақаттанған.