Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шымкентте жиһаз цехы өртенді

АСТАНА. KAZINFORM – Шымкент қаласында жиһаз цехынан шыққан өрт оқшауланды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

ва
Фото: ТЖМ

Өрт Сасбұқаев көшесінде орналасқан бір қабатты жиһаз цехында болған.

Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндіру штабы құрылып, өрт оқпандары берілді.

ТЖМ күштері мен құралдары шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді.

– Нақтыланған мәлімет бойынша өрт бір қабатты жиһаз цехында және оның жанында орналасқан дүкенде шыққан. Оқиғаның алғашқы минуттарынан бастап ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді, – делінген хабарламада.

Өртті сөндіру кезінде жиһаз цехы ғимаратының шатыры опырылып түскен.

112 желісіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті шықты.