Шымкенттегі музыкалық субұрқақтан Қазақстанның көрікті жерлерін тамашалауға болады
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Музыкалық субұрқақ шоуы күн сайын кешкі уақытта өтеді.

«Shymkent City» саябағында орналасқан музыкалық субұрқақ заманауи бейнепроекциялық технологиямен жаңартылып, келушілерге ерекше әсер сыйлап жатыр.
Енді субұрқақ кешенінде Қазақстанның және Шымкент қаласының көрікті орындары арнайы бейнепроекция арқылы көрсетіледі.
Кешен 7 түрлі контурдан тұрады, олардың әрқайсысында жеке су динамикасы мен жарық сценарийі қарастырылған. Барлық контур түрлі түсті жарықдиодты (LED) жүйемен жабдықталған. Музыка мен жарықтың үйлесімді синхрондалуы көрерменге ерекше визуалды шоу ұсынады.
Музыкалық субұрқақ шоуы күн сайын кешкі уақытта өтеді. Әр сеанс шамамен 10–15 минутқа созылады. Бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін керемет кешкі демалыс орнына айналып отыр.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте музыкалық субұрқақ іске қосылғанын жазған болатынбыз.