Шымкенттен Бакуге тікелей рейс ашылады

АСТАНА. KAZINFORM — Azerbaijan Airlines 16 маусымнан бастап Шымкент — Баку бағыты бойынша тұрақты рейстер ашады.

Самолет Scat Скат ұшақ
Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

Рейстер аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі күндері орындалады.

Жаңа бағытты іске қосу аясында «ҚазМұнайГаздың» еншілес ұйымы — КМГ-Аэро мен Azerbaijan Airlines арасында Шымкент халықаралық әуежайында әуе кемелеріне «қанатқа құю» жүйесі арқылы жанармай жеткізу жөнінде келісім жасалды.

Компания мәліметінше, отынмен қамтамасыз ету халықаралық қауіпсіздік, сапа және операциялық сенімділік талаптарына сай жүргізіледі.

«КМГ-Аэро» шетелдік әуе тасымалдаушыларымен серіктестікті кеңейту компанияның Қазақстандағы жетекші авиаотын операторларының бірі ретіндегі орнын нығайта түсетінін атап өтті.

Жаңа әуе бағыты көлік-логистика әлеуетін дамытуға, өңірлік әуежайлардың жұмысын жандандыруға және Қазақстан нарығына шетелдік әуе компанияларын көбірек тартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев тұрақты ішкі әуе рейстерін қосылған құн салығынан босатуды ұсынған еді.