ШҚМУ студенттері алғаш рет АҚШ-та оқытудан өтті (ФОТО)

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - АҚШ-тан ШҚО-ның С. Аманжолов атындағы мемлекеттік университетінің төрт студенті оралды, олар семестр ішінде, 14 тамыздан 14 желтоқсанға дейін Теннесси (АҚШ, Куквилл қаласы) технологиялық университетінде оқытудан өтті.

ШҚМУ студенттері алғаш рет АҚШ-та оқытудан өтті (ФОТО)

АҚШ-та ШҚМУ студенттері академиялық жұмылдыру бағдарламасы бойынша алғаш рет білім алды. Қыздар Теннессидегі алған білімдері жайлы ерекше пікірде. Олар Американың білім беру жүйесіне, әсіресе ЖОО студенттерінің білімге деген құштарлығына таңданып қайтты. Лықа толы кітапханаларда студенттер қас қарайғанша отырады. ШҚМУ баспасөз қызметінде хабарлағандай, бүгінде университетте америкалық университет - Теннесси технологиялық университетімен және Вайоминг университетімен екі шарт бар.

Әрі, таяу күндері Өскеменге Оңтүстік Кореядан ШҚМУ-дың бес студенті оралды. Олар Джионгсанг ұлттық университетінде және Дегу Католик университетінде академиялық жұмылдыру бағдарламасы аясында өткен жылдың 26 тамыз -31 желтоқсан аралығында білім алып келді. Олардың пікірінше, Оңтүстік Кореяда оларға ұнаған пәнді еркін таңдап, білім алуды ұйымдастыруы ғана емес, жатақханада тұру жағдайы, демалыспен қамтамасыз етуі, елдің әр қаласы бойынша экскурсия өткізуі ерекше ұнаған.

Айтқандай, шығысқазақстандықтар да Қазақстанның мәдениетін, тұрмысын, дәстүрін таныстыра білді. Ұлттық тағамдар әзірледі.
3 2