ШҚО-да екі қар көшкіні жүрген тас жолда қозғалыс қайта жанданды

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысында Зырян-Путинцево тас жолының 37 шақырымында 300 және 400 текше метрлік екі қар көшкіні жүрді.

ШҚО-да екі қар көшкіні жүрген тас жолда қозғалыс қайта жанданды

Қар көшкіні жолдың жартылай бөлігін жауып тастады. Дегенмен сағат 15.30-да қозғалыс жанданды, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.