ШҚО-да халыққа бейәдеп сөз айтқан ауыл әкіміне айыппұл салынды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында халыққа бейәдеп сөз айтқан ауыл әкіміне 55 048 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ауыл әкіміне қарасты іс Зайсан аудандық сотында қаралды.
– Шілікті ауылының әкімі 6 қазанда сағат 15:00 шамасында қызметтік кабинетінде айналасындағыларға құрметсіздік танытып, бейәдеп сөз айтқан. Сот процесі барысында өз кінәсін мойындаған ол бұл әрекетіне өкінетінін жеткізіп, көпшілік алдында кешірім сұрады, - деп хабарлады ШҚО сотының баспасөз қызметінен.
Сот шешімімен әкім ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 55 048 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да халыққа бейәдеп сөз айтқан ауыл әкіміне қатысты тексеру жүргізілетіні хабарланған.