ШҚО-да халыққа бейәдеп сөздер айтқан ауыл әкіміне қатысты тексеру жүргізілмек

ӨСКЕМЕН.KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында халыққа бейәдеп сөздер айтқан ауыл әкімінің видеосына қатысты өңір әкімдігінен түсініктеме берді. 

әкім
Фото: видеодан алынған скрин

Әлеуметтік желіде Зайсан ауданындағы ауыл әкімі түсірілген, бейәдеп сөздер қолданылған бейнежазба тарап кетті. 

Бұған қатысты ШҚО әкімдігі баспасөз қызметінен түсініктеме берді.

- Аталған факті бойынша ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етілді. Облыс әкімдігі бұл материалдарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолдады. Онда қызметтік әдеп нормаларының бұзылу мәселесі қаралады. Мұндай әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Өңір басшылығы былапыт сөз қолдануға, әдепсіз қылық танытуға түбегейлі қарсы, - делінген ақпаратта.

Осы ретте, әкімдік өкілдері этикалық нормаларды бұзған мемлекеттік қызметшілерге қатаң жаза қолданылатынын ескертті.

Еске салсақ, осыған дейін петропавлдық блогер бейәдеп сөздері үшін айыппұл арқалағаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар