09:39, 31 Наурыз 2015 | GMT +5
ШҚО-да қар құрсауында қалған екі автобустың 56 жолаушысы құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» күре жолының 800-ші шақырымында құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған екі бағдарлық автобустың 56 жолаушысын құтқарды. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарланды.

Жолаушылардың арасында 9 бала болған. Құтқару жұмыстарына ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 қызметкері қатысып, 2 техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, ШҚО құтқарушылары аймақта жауын-шашынның мол түсуі мен қалың қардың еруіне байланысты таулы аудандарда қар көшкіні болуы мүмкін екенін ескертті.