ШҚО-да қыста төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету үшін 900-ден астам техника әзірленді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында қыс кезінде 7 жылыту пункті және 1 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді. 

ШҚО-да қыста төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету үшін 900-ден астам техника әзірленді
Фото: ШҚО ТЖД

Синоптиктердің болжамына сәйкес, қыс кезінде өңірде ауа райы құбылмалы болады. Жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жететін қатты жел соғады. 

— Шығыс Қазақстанда көлік жолдарын қысқы күтімге дайындау үшін 957 техника дайындалып, қалалар мен аудандарға климаттық ерекшеліктеріне сәйкес тең бөлінген. Республикалық маңызы бар жолдарға «ҚАЖсервис» ЖШС ШҚОФ-ның 103 техникасы қызмет көрсетеді. Облыстық маңыздағы жолдарды күтіп-ұстауға «ОблШығысЖол» ЖШС-ның 119 техникасы тартылады. Аудандық жолдар мен елді мекендердің көшелерінде 735 техника жұмыс істейді, — деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

ШҚО-да қыста төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету үшін 900-ден астам техника әзірленді
Фото: ШҚО ТЖД

Сондай-ақ 140 мың литр жанар-жағармай мен көктайғаққа қарсы материалдар, 50 тонна техникалық тұз және 800 тонна көмір дайындалған. 

— Төтенше жағдайлар болып жатса жедел әрекет ету үшін 7865 адам және 913 техника, оның ішінде қар тазалау, инженерлік және эвакуациялық техника сақадай сай. 7 жылыту пункті және Привольное ауылында 1 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді, — делінген ақпаратта.

ШҚО-да қыста төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету үшін 900-ден астам техника әзірленді
Фото: ШҚЛ ТЖД

Еске салсақ, осыған дейін СҚО-да қыс қарсаңында 4 мың шақырым жол тексеріліп, бірқатар кемшілік анықталғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар