12:40, 16 Мамыр 2012 | GMT +5
ШҚО-да ҚР және РФ ТЖМ-дері шекара маңы бөлімшелерінің өрт сөндіру-тактикалық оқулары басталуда
ӨСКЕМЕН. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстанда облыс бойынша ТЖД бөлімшелері мен Ресей Федерациясы ТЖМ-нің Алтай өлкесі бойынша бөлімшелерінің өрт сөндіру-тактикалық оқулары өтеді.

Шекара маңындағы екі аймақтың құтқарушылары орман өрттерін сөндіру кезіндегі өзара әрекет ету мен ұйымдастырушылық бойынша жаттығады.
Жаттығу сценарийі бойынша өрт Шығыс Қазақстанның Бородулихино ауданының Изаолла ауылынан Ресей шекарасына қарай жылжиды. Жағдайды екпінді ұйытқыма жел күрделендіреді. Оның жылдамдығы шамамен 12 м/с дейін жетеді.
ШҚО ТЖД ақпарат қызметінің өкілі Анастасия Склярдың түсіндіруінше, шартты өрттің орын алған жері бойынша өту қиын. Мамандандырылған техниканың кез келгені ол жерлермен өте алмайды.
Оқуларға әуе бөлімшесі де қатыстырылады. Екі тікұшақ аспаннан патрульдеуді жүргізеді.