ШҚО-да «Мейірім» қайырымдылық шарасына қатысушы меценаттарды марапаттады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-да төртінші жыл қатарынан өтіп жатқан «Мейірім» қайырымдылық шарасында меценаттарға балалар алғыс айтты.
None
None

2012 жылы жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды қолдау мақсатында ШҚО-да «Мейірім» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Биыл меценаттарға арналған салтанатты шарада концерт ұйымдастырылды. Меценаттарға сахнадан өнерлерін көрсету арқылы балалар үйінің шәкірттері алғыс айтып, сертификаттар табыстады.

Мұндай акция Қазақстанның өзге жерлерінде жоқ. Оның арқасында 467 жетім бала баспаналы болды. Бүгін мұндай балалардың «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ шоттарында шамамен 400 млн. теңге қаржысы бар, бізбен 1800 патронаттық ұйым ынтымақтастық орнатқан. Бұл жақсы нәтиже, дегенмен мұнымен тоқтамаймыз», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Бүгінде аймақта 3 мыңнан астам жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған бала бар, 2 мыңы патронатты кәсіпорындарға бекітілген. Патронатты кәсіпорындар өзінің қамқорындағы балаларға баспаналы (шотын толықтыру арқылы) болуға, мамандықты таңдауға, сонымен қатар қоғамда бейімделуге көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум