ШҚО-да пайдалы қазбаларды заңсыз өндірумен айналысқан шетелдік елден шығарылды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндірумен айналысқан шетел азаматы елден шығарылды.
Сот ісі Үлкен Нарын аудандық сотында қаралды. Белгілі болғандай, шетел азаматы пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру кезінде ұсталған.
Бұған дейін ол көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Яғни ол екінші рет құқық бұзып тұр.
- Сот ер адамды кінәлі деп танып, бір тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады. Содан соң шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, облыста жыл басынан бері пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру бабы бойынша 35 әкімшілік іс қаралған.
Еске салсақ, осыған дейін ҰҚК Алматыда 5 шетелдік жоспарлаған терактінің алдын алғаны хабарланған.