Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҚО-да Ресей азаматы жоғалтқан сөмке бейнебақылау арқылы табылды

АСТАНА. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында Ресей азаматының жоғалған сөмкесі табылды. Оның ішінде жеке құжаттары, балаларының құжаттары және ақшасы болған.

п
Фото: ҚР ІІМ

Оқиға Шемонаиха ауданында болған. Өскеменге бара жатқан Ресей Федерациясының азаматы Евгения Шелехова сөмкесін жоғалтып алғанын айтып, полицияға жүгінген.

Өтініш бойынша іздеу жұмыстары басталып, полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексерген. Нәтижесінде әйелдің жүрген бағыты анықталып, сөмкенің жоғалған орны белгіленген.

Табылған сөмкенің ішіндегі заттардың барлығы толық сақталғаны анықталып, иесіне қайтарылды.

— Төлқұжатым, балаларымның құжаттары, ақшам — бәрі аман-есен табылды. Көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын, — деді Евгения Шелехова.

Еске салайық, бұған дейін Астанада бейнебақылау камераларының саны бір жылда екі есе артқанын жазғанбыз.