Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҚО-да шомылу маусымы басталғалы 8 адам суға батты

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталғалы су айдындарында сегіз адам көз жұмды.

ыв
Фото: ІІМ

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы бері құтқарушылар облыс аумағындағы су айдындарында 1300-ден астам рет рейдке шықты. Соның барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндіріліп, құқық бұзушылықтар анықталды. 

– Біздің басты мақсатымыз – азаматтарды жауапкершілікке тарту емес, жазатайым оқиғалардың алдын алу. Су жағасына демалуға келген әр адамның аман-есен үйіне оралғанын қалаймыз, – дейді департамент қызметкерлері. 

Су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 412-бабы бойынша осы уақытқа дейін 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Құтқарушылар тұрғындарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, мас күйде суға түспеуге және шағын көлемді су көліктерімен демалу кезінде міндетті түрде құтқару кеудешесін киюге шақырды. 

Еске салсақ, осыған дейін Жамбыл облысында су айдындарында қауіпсіздік талаптарын бұзған 49 адам жауапқа тартылғаны хабарланған