ШҚО-да Таинты ауылының маңындағы жел паркінің құрылысы биыл басталады

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының энергетика бөлімінің бастығы Дархан Тоқтаровтың сөзіне қарағанда, жоба бойынша барлық қажетті құжат дайын, жеке инвестор анықталды. Жобаны 2016 жылы аяқтау жоспарланған. Еске сала кетейік, ШҚО-да жел паркінің құрылысының жобасы ҚР Үкіметінің №43 Қаулысымен бекітілген. Құжатқа сәйкес Қазақстанда 2020 жылға дейін жел энергетикасының 106 нысанын салу көзделген. 2013 жылдың ортасында Жасыл экономика форумында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласында «Spain Consulting» ЖШС (Қазақстан-Испания БК) , «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ, «Hydro china International Engineering, ЛТД (Қытай) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, Таинты ауылының маңында Ұмыш асуында жел электр стансасының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыруға келісті. Жобаға әлеуетті мердігер ретінде бірнеше компания аталды, соның ішінде қытайлық компаниялар да бар. Қосалқы мердігер ретінде қазақстандық компаниялар аталды. Бірақ түпкі заңды рәсімдеулер аяқталмай, инвесторлардың, бас мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің есімдері аталмайды. Жобаны жүзеге асыру үшін жеке инвестор өзінің және қарызға алған қаражатын пайдаланып жатыр, деп түсіндірді басқармада.