ШҚО-да Тұңғыш Президент күніне орай 500-ге жуық шара өтеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 21 қараша - 4 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік шаралар өтеді.
None
None

Олар мемлекеттің қалыптасып, нығаюында Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи ролін көрсетуге бағытталған. Мереке облыс тұрғындарының әрқайсысына қатысты болмақ: барлық оқу орындарында, мекемелер мен аймақ кәсіпорындарында тақырыптық кездесулер, көрмелер, концерттер, спектакльдер, қайырымдылық шаралары және спорт жарыстары өтеді.

ШҚО-ның Ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, биылғы жылы Шығыс Қазақстанда Тұңғыш Президент күнін дәстүр бойынша, кең ауқымда атап өтеді. 10 күн бойы 5 мыңнан астам адамның қатысуымен 478 шара ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, 21 қарашада «Н.Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыптық күнінің аясында мектептерде еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің бекітілуіндегі Президенттің роліне арналған сынып сағаттары өткізілді.

Бүгін, 24 қарашада «Астана - ұлы дәуір және Қазақстанның стратегиялық векторы» тақырыбына арналған көрмелер, Қазақстан астанасына арналған дәрістер, сынып сағаттары өтеді. Аманжолов атындағы ШҚМТУ-да Президенттік стипендияларды тапсыру салтанаты болады.

27 қараша күні «Назарбаев - әлемдік ауқымдағы саяси қайраткер» деген ұранмен жоғары және арнайы орта оқу орындарында «Н.Назарбаев туралы әлемдік саяси көшбасшылар» тақырыбында дәрістер; Н.Назарбаев туралы шығармалар байқауы өтеді.

30 қараша күні «Бір ел - бір тағдыр - бір көшбасшы!» деген ұранмен Достық үйлерінде облыстың этномәдени ұйымдарының ұйымдастыруымен түрлі шаралар өтеді.

1 желтоқсан күні салтанатты жиындар мен жаппай мерекелік концерттер болады.

Онкүндік аясында ШҚМУ-да «Н.Назарбаев - табысты саясаткердің әлемдік үлгісі» ғылыми конференциясы өтеді. Көшпелі «Қала-ауыл» ақпараттық шарасы, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының «Солнечный мир» аймақтық фестивалі, таэквандодан «Семей Кубогі» халықаралық турнирі ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, 7 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олар - 92 орынға шақталған жекеменшік балабақшаның ашылуы, қайта жөндеуден кейін «Асыл Жібек» балабақшасы, «Сапа» медициналық орталығы, «Багратион» сауда үйі, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты.

ШҚО ішкі саясат басқармасының жетекшісі Ербол Нұрғалиев барлық шаралардың қазақстандық патриотизм, қоғамды ұйыту, бірлікті нығайту, қазақстандықтардың бойында өздерінің Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар