ШҚО-да үлгілі отбасылар марапатталды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде «Мерейлі отбасы» форумында өңірдегі үлгілі отбасыларына құрмет көрсетілді.
«Отбасы тарихы - қала тарихы», «Еңбек әулеті», «Мерейлі отбасы», «Жас көпбалалы отбасы», «Ізгі жүректі отбасы», «Отбасылық ансамбль», «Ерлік бастаулары - менің отбасымда» деген 7 аталымда ең үздік отбасылар марапатталды. Оларға грамоталар, медальдар және ескерткіш сыйлықтар тапсырылды. Салтанатқа облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.
Мәселен, Краснощековтар отбасы «Ерлік бастаулары - менің отбасымда» аталымында марапатқа ие болды. Осы жылғы 15 ақпанда Лениногор көшесіндегі жеке үйде өрт шықты. Терезедегі түтінді байқаған Александр Краснощеков жанып жатқан үйге тұра ұмтылып, үйден көршісін аман-есен алып шықты.
«Еңбек әулеті» аталымында жеңімпаз болған Библовтар отбасының жалпы отбасылық еңбек өтілі 473 жылды құрайды. Теміржолшылар әулетінің отағасы Жұмаш Төлеуханұлы Библов Ұлы Отан соғысына қатысушы, құрметті теміржолшы. Оның ісін балалары, немерелері, шөберелері жалғастырудва.
«Менң атам Түркісібті салуға қатысқан, ал анам мен әкем өмір бойы теміржолда еңбек етті. Ата-анам алты бала тәрбиелеп өсірді. Біздің бәріміз, күйеу балалар мен келіндер де теміржолшылар болып еңбек етудеміз. Біз ата-ана жолымен еңбек әулетін жалғастырудамыз және балаларымызға да сондай тәрбие беріп жатырмыз», - деді әулеттің ең үлкені Үміт Библова.
Өскеменде Отбасы күні аясында неке қию қуанышы болды, сондай-ақ балғындардың тұсауы кесілді.