Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҚО-да заңсыз такси қызметін көрсеткен 90-ға жуық жүргізуші анықталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бір апта ішінде жол ережесін бұзудың 1 700-ден астам фактісін тіркеді. 

 такси
Фото: Pexels

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жолдағы тәртіпті күшейту мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасын жүргізді.

- Жеті күн ішінде жол жүрісі қағидаларын бұзудың 1 700-ден астам фактісі анықталды. Оның ішінде 20 жүргізуші көлікті мас күйде басқарған. Олардың арасында бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші болды. Сонымен қатар қарсы бағытқа шығудың 23 және белгіленген жылдамдықты асырудың 620 дерегі тіркелді, - делінген ақпаратта. 

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленген талаптарға сай келмейтін 186 көлікті айдауға тыйым салынды. Арнайы тұрақтарға 105 техника, оның ішінде 28 электр самокаты мен 18 мотокөлік қойылды.

- Шара барысында заңсыз жолаушылар тасымалын анықтау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері такси қызметін заңсыз көрсетудің 87 фактісінің жолын кесті, - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, осыған дейін Жаркентте көлік жолға шығып кеткен велосипедші баланы қағып кеткені хабарланған.