ШҚО-дағы Алтай ауданында аулалардан су сорылып, жағдай тұрақталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында аулалардан су сорылып, жағдай тұрақталды. 

ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД

Кеше Алтай ауданында Бұқтырма өзенінің су деңгейі көтеріліп, жер үйлер маңындағы аумаққа су жайылған болатын. Абырой болғанда, үйлерге су кірген жоқ. 

ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД

Оқиға орнына құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері шұғыл келіп жеткен. Барлығы 20-дан астам ауладағы су сорылды.

«Тәулік бойы жүргізілген жұмыстардың арқасында тұрғын үй аумақтарынан қызыл су бұрылды. Барлығы 370 ыдыс-қап төселіп, 1335 тонна инертті материал төгілді. Мотопомпалармен 27800 текше метр су сорылды. Жағдай тұрақталды», - деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, осыған дейін Алтай ауданында үйлерді су басқаны жайлы жалған ақпарат тарағаны хабарланған. 

ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД
Соңғы жаңалықтар