Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасында екі әйел құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасының Солдат шығанағы маңында құтқарушылар қайықпен жағалауға өздігінен жете алмаған екі әйелге көмек көрсетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

ВКО Бухтарма природа туризм
Фото: Нелли Нигматуллина / Kazinform

112 қызметінің пультіне Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Солдат шығанағында суда оқиға болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қайықта екі әйел болған. Олар өз күштерімен жағаға жете алмаған.

– Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары екі әйелді және шағын көлемді қайықты жағаға аман-есен эвакуациялады. Әйелдерге медициналық көмек қажет болған жоқ, – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық ұлан офицері суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған болатын.