ШҚО құтқарушылары Аягөз ауданында жоғалып кеткен ер адамға іздеу салды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары Аягөз ауданы Тарбағатай ауылының 53 жастағы тұрғынына іздеу салды, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.
None
None

Ер адам 24 наурызда ауылдан шығып, «Қалибек» шаруа қожалығының қыстағына қарай беттеген. Алайда, ол межелі жерге жетпеген. Алғашқы күні оны ауыл тұрғындары іздегенімен нәтиже болмай, полицияға хабарланып, іздеу шараларына құтқарушылар жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар