11:53, 27 Наурыз 2015 | GMT +5
ШҚО-ның этномәдени ұйымдары дөңгелек үстел өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Телекөпір режиміндегі дөңгелек үстелге аудандық Достық үйі этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. «Дөңгелек үстел» қатысушылары көпэтникалық және көпконфессиялық қазақстандық қоғамдастығынның саяси тұрақтылығын және ұлтаралық келісімін сақтауды қамтамасыз етуде Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды ролін бірегей қоғамдық институты ретінде таныды.
«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша 2015 жылғы 26 сәуірде жоспарланған ел Президентін сайлаудың маңыздылығы туралы өтініш қабылданды, деп жазады strategy2050.kz.