ШҚО-ның мектеп оқушылары Мәскеуде өткен «Қауіпсіздік мектебі» атты І халықаралық жарыстарда үшінші орынды жеңіп алды

ӨСКЕМЕН. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Өскемен және Семей оқушылары Мәскеу қаласында Ресей ТЖМ ұйымдастырған «Қауіпсіздік мектебі» атты І халықаралық жарыстарда үшінші орыннан көрінді, деп хабарлайды Өскемен әкімдігінің баспасөз қызметінен.

ШҚО-ның мектеп оқушылары Мәскеуде өткен «Қауіпсіздік мектебі» атты І халықаралық жарыстарда үшінші орынды жеңіп алды

Оған түрлі елдерден келген барлығы 15 команда қатысты. Бағдарламада өртке қарсы эстафетадан өту, орман және биіктіктердің 15 метрге дейінгі орташа ойлы-қырлы жерлерімен 1 шақырым жүгіру, акваторийдегі іздеу-құтқару шаралары, Мәскеу өзенінен зардап шегушілерді құтқару үшін аман қалу бағдарынан өту сияқты жарыстар болды.

Естеріңізге сала кетейік, 14 тамыз күні ШҚО ТЖД Жас құтқарушылар мектебінің спортшылар командасын жарыстарға Өскемен әкімі Серік Тәукебаев, жергілікті БАҚ өкілдері және ШҚО ТЖД-нің басшылығы шығарып салған еді.