Щучье қаласындағы бес қабатты қонақүйлердің бірінде өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM —  Бүгін Ақмола облысы Щучинск қаласындағы бес қабатты қонақүйлердің бірінің бірінші қабатындағы сауна бөлмесінде өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

Щучье
Видеодан алынған скрин

— Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел түрде жетті. Өрт 50 шаршы метр аумақта қысқа мерзімде сөндіріліп, жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ғимараттың жоғарғы қабаттарынан 24 адам, оның ішінде екі бала өздігінен эвакуацияланды, — делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шахтинсктегі гараждардың бірінде өрт шығып, жасөспірім көз жұмған еді.