03:49, 02 Тамыз 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: И.Дычко неміс қарсыласын айқын басымдықпен ұтты
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасында 91 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген былғары қолғап шеберіміз Иван Дычко қарсыласын алғашқы раундта-ақ естен тандырды.

1/8 финалда біздің спортшыға қарсылас болған германиялық Эрик Пфайфер бірінші раунда-ақ Иванның ауыр соққысынан нокдаун алды. Дегенмен ол өзінің тәжірибелі боксшы екендігін көрсетіп, жарысты соңына дейін жалғастырды. Ал 21 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының күрзі жұдырық жігіті 14:4 есебімен жеңіске жетіп, келесі айналымға шықты.
Айта кетейік, Иван Дычко Қостанай облысының тумасы, халақаралық санаттағы спорт шебері. Оның Владимир Шайрер, Сапабек Мұқышев атты екі жаттықтырушысы бар. Иван 2008 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалисі, 2010 жылы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2011 жылы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.