ШҰҒЫЛ: Қазақстандық палуан А.Кебісбаев Олимпиада «қоласына» қол созуға мүмкіндік алды

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы ойындарында грек-рим күресінен ширек финалда ирандық палуанға есе жіберген Алмат Кебісбаев Олимпиаданың қола медалі үшін күресуге мүмкіндік алды.
None
None

Өйткені, ширек финалды біздің спортшыға еш мүмкіндік бермеген иран палуаны Омид Хажи Нороози жартылай финалда да жапондық қарсыласын ұтып,  ақтық бәсекеге жолдама алған болатын. Сондықтан Алматқа 60 келі салмақ санатында Олимпиада қола медалі үшін белдесуге мүмкіндік туып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы айналымда Алмат украиндық қарсыласы Ленур Темировты айқын басымдықпен жеңсе, 1/8 финалда венесуэлалық Люис Игнасио Лиендоны 2:1 есебімен ұтқан еді.

1987 жылдың  12 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында дүниеге келген бұл балуанымыз қазіргі уақытта елорда атынан өнер көрсетеді. Ол Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, жеңімпазы, Иван Поддубный атындағы Гран-придің иегері, Мәскеуде өткен әлем чемпионатының күміс, Ыстамбұлда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Соңғы жаңалықтар