ШҰҒЫЛ: ОҚО Сарыағаш ауданында бірнеше үйлерді, 25 қора-қопсыны су басты
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін, 12 қаңтардағы сағат 13. 00-дегі жағдай бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданының Жылға елді мекенінде қардың күрт еруінен, тосыннан жауған мол жаңбырдың салдарынан 2 үй, 20 қора-қопсыны су басты.
Осы ауданның Қарақалпақ елді мекенінде 2 үй қирады, 2 үй және 5 қора-қопсыны су шайып кетті.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды. ТЖ орнына облыстық ТЖД жеке құрамының 123 қызметкері, 11 техника бірлігі, 5 қайық, 9 мотосорғы жіберілді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 40 қызметкері және бір техника бірлігі тартылды.