09:33, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
«Шұғыла» шағынауданында жеке балабақша ашылды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - «Шұғыла» шағынауданында 50 орындық «Адина» жеке балабақшасы пайдалануға берілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Балалар мекенінің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов қатысты.
Жаңа мекен барлық қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен, әдістемелік, ойын, жатын бөлмелерімен, асханамен қамтамасыз етілген. Аула ойын, спорт алаңдарымен жабдықталған.