18:51, 22 Ақпан 2010 | GMT +5
Швеция хоккейшілері финндерден басым түсті
АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - Хоккейден Швеция құрамасы Финляндия командасын Ванкувердегі олимпиадалық хоккей турнирінің алдын ала кезеңіндегі соңғы ойында 3:0 есебімен ұтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Бірінші кезеңнің ойындары бойынша ширек финалға АҚШ-тың, Швецияның, Ресейдің және Финляндияның командалары шықты. Ойындар ақпанның 24-інде басталады.