Швецияда YPG/SDG террористік ұйымының жақтастары жас жігітке шабуыл жасады
АСТАНА. KAZINFORM — Швеция астанасы Стокгольмде өткен митинг кезінде YPG/SDG террористік ұйымының жақтастары тәртіпсіздік ұйымдастырып, бір жас жігітке шабуыл жасады. Бұл туралы Анадолу жазды.
YPG/SDG террористік ұйымының жақтастары Стокгольм қаласындағы Сергельс Торг алаңында митинг өткізді.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода террористік ұйымның символикасы бейнеленген маталарды жайып қойған топтың жас жігітке шабуыл жасап жатқан сәті анық көрінеді.
Террористік ұйымның жақтастары оған күш қолданған.
Оқиға орнында болған швециялық полиция қызметкерлері жағдайға араласып, жас жігітті оқиға орнынан алып кеткен.
Еске сала кетсек, Сириядағы YPG/SDG террористері артқа шегінген кезде тұтқындарды өлтіріп, инфрақұрылымды қиратып кеткенін жаздық.
Ал 11 қаңтар күні АҚШ Сирияда Ислам мемлекеті (ДАИШ, Қазақстанда тыйым салынған - ред.) содырларының нысандарына ауқымды соққы жасады.