Швейцария Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына қолдау білдірді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылуы бойынша ресми Ташкент пен Берн арасында жүргізілген екіжақты келіссөз аяқталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Швейцария Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына қолдау білдірді
Фото: linkedin/azizbek urunov

Бұл туралы ДСҰ мәселелері жөніндегі Өзбекстан президентінің арнайы өкілі Азизбек Урунов мәлім етті.

– Келіссөздердің нәтижелі аяқталуына ықпал еткен Швейцария тарапына алғыс білдіремін. Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу үшін тиісті келісім жасалуы тиіс елдер қатары азайып келеді, - деп хабарлады Азизбек Урунов.

Швейцария Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына қолдау білдірді
Фото: linkedin/azizbek urunov

Осы кезге дейін өзбек тарапы ДСҰ-ға қосылу бойынша 30-дан аса елмен келіссөз жүргізіп, сәйкесінше 25 мемлекетпен тиісті келісім жасады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан ДСҰ-ға қосылу келіссөздерін биыл аяқтауға ниетті.

ДСҰ-ға қосылу бойынша Қытай мен Өзбекстан арасындағы келіссөзге биыл маусымда елордада нүкте қойылды.

Соңғы жаңалықтар