Швейцариялық инвестор Катонқарағайда тау шаңғысын дамытпақшы

АСТАНА. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Jibek Joly» арнасының «Уәде» бағдарламасында Риддерде «Анатау» шаңғы курорты салынатынын мәлім етті.

тау шаңғысы
Фото: Нұрғали Жұмағазы

- Швейцарияның Bartholet деген үлкен туристік компаниясы бар. Кез келген жерге инвестиция сала бермейді. Олар біздің Риддер қаласының айналасын зерделей келіп, таң шаңғысын дамытуға ниеттеніп отыр. Риддер мен Катонқарағайдағы қар тау шаңғысына қолайлылық көрсеткіші бойынша әлемде екінші орында деген қорытынды жасап отыр. Бұл екінші Куршевель болуға мүмкіндігі бар жер дегенді айтты. «Алтай альпісінен» әрі қарай аспалы жолдар тартып, жыл он екі ай жұмыс істейтін «Анатау» шаңғы курортын жобалап жатырмыз. Ол жерде 8 ай шаңғы тебеді, қалған уақытта жазғы демалыстар ұйымдастырылады, - деді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, Риддер қаласының туризмдегі әлеуеті 2-3 жылдың ішінде басқа деңгейге шығайын деп тұр.

- Жыл аяғына дейін зерттеулер мен құжаттарды аяқтасақ, келер жазда құрылыстар басталу керек. Инвестор ретінде Bartholet-тің өзі кірмекші. Алматыда жұмыстарын бастады. Риддерді жоспарларына кіргізіп отыр. Риддерден кейін келесі кезеңде Катонқарағай жақта да тау шаңғысын дамыту қолға алынады. Ол жердің де мүмкіндігі бар екенін олар дәлелдеп отыр. Ондағы қардың сапасы да жасанды қар тасуды қажет етпейді, - деді аймақ басшысы.

Осыған дейін Алматыда тау шаңғысы кластерін дамытуға арналған жоба жаңа кезеңге өткені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар