Шығанақтың араб елдері ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Абдель Рахман бен Хамад Астанаға келуге ниетті
Араб елдерімен ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы шақыруды алғыс сезімімен қабылдады және жуық арада Астанаға сапармен келуге әзір екенін білдірді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Абдель Рахман әл-Атия Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалдастық бастамаларына жоғары баға берді. Ол Мемлекет басшысының аймақтық ықпалдастықтың жаңа тетіктерін құру, соның ішінде жаңа әлемдік бірыңғай валюта енгізу мәселелері жөніндегі ұсыныстарын ерекше атап өтті.
Араб елдерімен ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысының айтуынша, Қазақстанға сапары барысында ол Шығанақтың араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесі мүше-елдерінің жалпы рынок қалыптастыру, Валюталық және басқа да ұлттық құрылымдардан жоғары одақ құру тәжірибесімен бөліспек. Бұдан басқа араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесі басшылығы Қазақстанның ауыл шаруашылығына және инновациялық жобаларына мүдделілік білдірді.
Лама Шәріп Қазақстан бұл ұйыммен ынтымақтастыққа зор маңыз беріп отырғанын атап көрсетті. Ол таяудағы келешекте Шығанақтың қаржы институттары мен инвестициялық қорлары Ақтау қаласындағы Каспий энергетикалық хабын құру жобасын жүзеге асыруға белсене қатысады деген сенімін білдірді.
Шығанақтың араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесіне алты мұнай өндіретін араб елдері - Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Куәйт, Бахрейн, Оман және Катар кіреді, олардың жиынтық ішкі жалпы өнімі 823 миллиард АҚШ долларын құрайды.