11:57, 07 Наурыз 2013 | GMT +5
Шығыс Қазақстан Красноярскіден асыл тұқымды 100 бас сиыр сатып алды
КРАСНОЯРСК. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Красноярскінің асыл тұқымды мал кәсіпорындарының тәжірибесімен танысу үшін ресейлік өңірге Шығыс Қазақстанның делегациясы келді.

Қазақстандық мал шаруаларының Красноярскіге сапары кездейсоқ емес: бұл өлке РФ-ның ет және сүт өнімдері бойынша көшбасшыларының қатарында.
Өлкенің Ауыл шаруашылығы және өндірістік саясатының министрі Леонид Шороховтың айтуынша, қазақстандық мал шаруалары аймақтан малды бұған дейін де сатып алған.
«Қазақ әріптестеріміз сатып алынған асыл тұқымды материалға риза болып қайтты. Олардың көңілінен біз ұсынып отырған сапа мен баға шығып отыр. Бұл жолы олар Кан ауданының «Арефьевское» ЖАҚ-тан қызыл-шұбар тұқымды 100 қашарды сатып алады. Бұдан басқа, күзде 250 бас қысыр малды сатып алу жоспарланды», - деп хабарлады министр.