Шығыс Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан туындаған жағдай тұрақталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда 4 күрделі (3 облыстық және 1 республикалық маңызы бар) учаске қалып отыр. Атап айтсақ, «Омбы-Майқапшағай» (942-1103 шақырым), «Таулы Үлбі-Северное», «Күршім -Калжио-Маралиха», «Күршім-Калжир-Ашалы».

Шығыс Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан туындаған жағдай тұрақталды

Аталмыш учаскелерде тәуліктік режімде жол тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Қазір облыс бойынша жолда кептеліс жоқ.

ШҚО ТЖД құтқарушылары Көкпекті, Жарма аудандарының ауылдарына апаттық-құтқару қызметтерін жеткізіп, адамдарға жәрдем көрсетуде.

Шынжыр табанды көлікпен құтқарушылар балықшылар үйшігінен 7 балықшыны алып шықты. Күршім ауданында, Қарабұлақ ауылында өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері науқас балаға дәрігерлерді жеткізді.