Шымкент педагогтары «Бекжан» саудагерлеріне көмек ретіндегі ақшаны олардан мәжбүрлеп алып отырғанына шағымдануда
ШЫМКЕНТ. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Шымкенттің педагогтары мен медицина қызметкерлері бизнесмендерге еріксіз... көмектесуде. Мұндай жағдай қала тұрғындарын ызасын туғызды.
Білім және медицина мекемелері, кітапханалардың қзметкерлері оларды «ерікті-мәжбүрлеу тәртібінде» бір күндік жалақыларын «Көмек-2012» қайырымдылық қорының шотына аудартып жатқанына сендіруде. Бұл ретте педагогтар мен дәрігерлер төлеуден бас тартса оларды жазаға тартумен қорқытып отырғанын айтады.
Мұндай шағымдар сондай-ақ мұғалімдердің тәуелсіз кәсіби одағының кеңсесіне де келіп түсті. Оның жетекшісі Сағира Нұрбекова педагогтардың ақшаларының оларға айтпай-ақ шешілетітін, мектеп әкімшілігі қаражаттарды қор шотына тікелей аударатынын хабарлады.
Осы екі арада қалалық білім бөлімінде барлық айыптарды жоққа шығаруда. Шымкенттің бас мұғалімі Жанат Тәжиева барлық ақша аударымдары ерікті негізде болып жатқанын мәлімдеді. Бұл ретте Ж.Тәжиева қорға өзінің де бір күндік жалақысын аударғанын атап өтті. Қалалық білім бөлімінің мәліметтерінше, бір күндік жалақыларын мұғалімдердің 40 пайызы аударды, қалған 60 пайызы одан бас тартты.
«Бекжан» базарының сатушылары қайырымдылық қорынан көмек ретінде 112 миллион теңгені алып үлгерді.