Шымкент пен Қызылордада пәтер тонап келген әккі ұры қолға түсті

Күдікті азамат Б.Н. өзінің сыбайластарымен алдын ала сөз байласып, 2015 жылдың 3 сәуірі күні Қызылорда қаласындағы бір пәтер есігінің кілтін іріктеу арқылы ашып кіріп, 1 000 АҚШ долларын, 780 000 теңге көлеміндегі ақшасын және бірнеше дана бриллиант пен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Нәтижесінде, жәбірленушіге 3 950 000 теңге және 1 000 АҚШ доллары көлемінде мүліктік шығын келтірген.
Осындай тәсілмен тағы да 6 пәтер тонаған. Бүгінгі таңда күдікті азамат Б.Н. қамауға алынып, ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында анықталғандай, Б.Н.-ның бір сыбайласы 1982 жылы туылған Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталып, Шымкент қаласында абақтыға жабылып, қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында жедел-тергеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жоғарыда аталған екі азаматтың, тағы екі сыбайласының қатысуымен Шымкент қаласында да бірнеше пәтер ұрлықтары орын алғандығы анықталды.