Шымкентте 200-ден астам ЕХРО-ерікті науқас жандарға қан тапсырды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкентте 200-ден астам ЕХРО- ерікті қатерлі дертке шалдыққан жандарға өмір сыйлау үшін қан тапсырды. 
None
None

Облыстық жастар орталығының ұйымдастыруымен өткен акция аясында резервке 40 литрге жуық қан жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

«Донор қаны - науқас өмірінің нәрі». Бүгін  осы акция барысында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне даярланған ерікті жастар белсенділік танытты.  Өзгенің жүзіне қуаныш сыйлағысы келгендер  мұқтаж жандарға қол ұшын созуда аянып қалмады. Бірнеше тексеруден өтіп, денсаулығы жарамды деген жастар қан тапсыруға мүмкіндік алды. Енді олардың  тізімі донор ретінде арнайы базаға тіркеледі. Қажет болған жағдайда мамандар жеке-жеке шақырып, тобына қарай қан ала алады», - дейді ЕХРО-еріктілердің ОҚО бойынша үйлестірушісі Ботагөз Ізтілеу.

Қан тапсырғаны үшін төленген ақшаны ерікті жастар арнайы жәшікке салып, жинады. Енді ол қаражатты «Достық» мөлтек ауданындағы мұқтаж, көпбалалы отбасыларға азық-түлік пен киім кешек алу үшін жұмсамақ. Өйткені облыстық еріктілер мектебінің қамқорлығына 65 отбасы тіркелген. 

Айта кетейік, облыстық қан орталығына жылына 45 мыңға жуық адам келіп, қан тапсырады. Қазір орталықта 2,5 мың литр қан мен плазма сақтаулы тұр. Ал, дені сау адам үшін 450 мл көлемінде қан беру - физиологиялық жағынан еш қауіпсіз, қалыпты жағдай, дейді дәрігерлер. Әрі зерттеу нәтижелері мен мамандардың тәжірибиесі қан тапсыру адамның денсаулығына пайдалы екенін көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар