Шымкентте «Аграрлық ғылым ? Қазақстан, Сібір және Моңғолияның ауыл шаруашылығы өндірісіне» атты конференция өтуде
ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте «Аграрлық ғылым – Қазақстан, Сібір және Моңғолияның ауыл шаруашылығы өндірісіне» атты ХХІ-ші халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Конференцияға Қазақстан, Ресей, Моңғолия және Қытай мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы саласының мамандары жиналды. «Бұл конференцияның республикамыз үшін маңызы зор, өйткені ауыл шаруашылығы ғылымын және аграрлық секторды дамыту еліміздің тұрақты дамуын айқындайтын фактордың бірі болып саналады», - деді ОҚО әкімінің орынбасары Берік Оспанов.
Ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекет жүргізіп отырған саясатының нәтижесінде негізгі капиталға инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді. Егін шаруашылығында егістік алқабын кеңейту, өнімнің түсімін және оның сапасын арттыру жөнінде жұмыстар жалғастырылып келеді. Мал шаруашылығында түліктің тектік әлеуетін көтеру, саланы ірілендіру және оны өндірістік негізге көшіру ауқымында бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.