Шымкентте дәстүрлі әншілер мен күйшілер байқауы өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте дәстүрлі әншілер мен күйшілер  байқауы өтті. Облыстық деңгейде ұйымдастырылған сайысқа  мектеп оқушылары қатысып, өз өнерлерін паш етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»   мақаласы аясында ұйымдастырылған іс-шара «Өнерімді еліме арнаймын» деп аталды. Дәстүрлі ән мен терме және күй өнерлерін насихаттауға  бағытталған байқау  оқушылар арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Тағылымдық өнер сайысының өтуіне мұрындық болған Облыстық білім басқармасы мамандарының сөзінше бұл байқау ата-салт дәстүрін ұрпақ санасына сіңіріп, осы өнер түрлеріне балалардың ынтасын оятады.

Сондай-ақ жас жеткіншектердің талаптарына дем береді. Сайысқа қатысушылар әр ауданнан іріктеліп келген.  Олар  домбыра, қобыз, баян, жетіген секілді халық аспаптарында өнер көрсетті.  Жеңімпаздар әр номинация бойынша марапатталды. Ал, бас жүлдегер дәстүрлі әнді насихаттайтын республикалық байқауға жолдама алды.  

Соңғы жаңалықтар