Шымкентте көшеден 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі Қазиев және Шынар көшелерінің қиылысынан 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы Абай аудандық полиция басқармасының 102 телефонына хабар түскен.

«Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелді. Мәйітке сот-медициналық сараптама тайғайындалды. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде, 2005 жылы туған азамат күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгін таңертең Шымкентте жіпке асылып қалған жігіттің мәйіті табылғандығын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар