Шымкентте жіпке асылып қалған жігіттің мәйіті табылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жіпке асылып қалған жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте жіпке асылып қалған жігіттің мәйіті табылды

Бұл туралы Еңбекші ауданының полиция басқармасының 102 арнасына хабарлама түскен.

«Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 105-бабымен тіркелді. Мәйітке сот-медициналық сараптама тайғайындалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетеік, кешегі күні Шымкентте өртенген үйдің ішінен 71 жастағы қарияның мәйіті табылған болатын.