Шымкентте өзге ұлт өкілдері арасында «Бауыржан оқулары» байқауы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік өңірде жоғары оқу орындарының студенттері үш аталым бойынша сайысқа түсті, деп жазады 24.kz.
None
None

«Ер елдікі болмаса» деп аталатын бөлімде даңқты батырдың шығармалары сахналанса, «Адал ұл ер боп туса - ел тірегі» бөлімінде қатысушылар өздері жазған шығармаларын оқиды. Ал «Ел дегенде еміреніп» аталымында Бауыржан Момышұлының прозалық және поэзиялық туындылары мәнерлеп оқылды. Өзбек, тәжік, орыс ұлтының өкілдері өздерін толғандырған мәселелерді қазақ батырының шығармалары арқылы қаузады. Туған жер, қазақ тілінің ахуалы ерлік сияқты тақырыптар көтерілді. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар