ШЫҰ басымдықтарын жүзеге асыруда сот жүйесінің ықпалдастығы маңызды рөл атқаруда - ҚР Жоғарғы сот төрағасы Б.Бекназаров
ШКЕНТ. 18 қазан. ҚазАқпарат /Құрмет Самархан/ - Шанхай ынтымақтастық ұйымының белсенді әрі тұрақты нығайып келе жатқан қызметінде Жоғарғы сот инстанцияларының ынтымақтастығы өте көкейкесті болып отыр. Бұл туралы ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің Жоғарғы сот төрағаларының ҮІ кеңесі барысында ҚР Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров мәлімдеді.
ҚР ЖС төрағасы атап өткендей, «ШЫҰ елдері Жоғарғы сот төрағалары кеңесінің бес жылдығы жылындағы қазіргі Ташкенттегі кездесу біздің ынтымақтастығымыздын дамуы, субаймақтық халықаралық ұйымды нығайтудағы қоғамдастықтың мүше мемлекеттері сот жүйелерін біріктіру өте маңызды».