17:22, 02 Қыркүйек 2009 | GMT +5
ШЫҰ елдері Жоғарғы соттарының басшылары әлемдік дағдарыс жағдайында меншік құқықтарын қорғау мәселелерін талқылайды
БІШКЕК. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қыркүйектің бірінші онкүндігінде Ыстықкөл жағалауында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Жоғарғы сот төрағаларының төртінші кеңесі өтеді.
Қырғыз Республикасы Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қыркүйектің 9-10-ы күндері өтетін форумға қатысушылар әлемдік дағдарыс жағдайында меншік құқықтарын қорғаумен байланысты мәселелерді, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдеріндегі ювенальдық әділеттің дамуымен байланысты мәселелерді талқылайды.
Қазақстан делегациясын Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбеков бастап барады. Кеңес жұмысына Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Болат Нұрғалиев те қатысады.