ШЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрліктерінің басшылары ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесті

БЕЙЖІҢ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Жұма күні Бейжіңдегі Халықтық жиналыстар үйінің ғимаратында сыртқысаяси ведомстволар басшыларының Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесуі болып өтті.
None
None

Құттықтау сөзінде Ху Цзиньтао «Шанхай ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде сіздердің біріккен күштеріңізбен мемлекет басшыларының саммитінде қол қоюға шамаланған құжаттар қарастырылып, маңызды келісушіліктерге қол жеткізілді», - деп атап өтті.

«ШЫҰ-ның Саммиті үшін қажетті маңызды дайындық өткізілді», - деп жалғастырды ҚХР төрағасы.

Оның айтуынша, ШЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі ШЫҰ-на мүше мемлекеттер арасындағы тәжірибелік ынтымақтастыққа көмектесуде және оның құрылысы үшін үлкен рөл атқаратын ұйымның маңызды органдарының бірі болып табылады.

«Сыртқы істер министрлері және жалпы алғанда бүкіл кеңес алдағы уақытта да өзінің міндеттерін жақсы атқарып, сол арқылы біздің ұйымымыздың дамуына өз үлесін қоса алады деп үміттенемін», - деп түйіндеді Ху Цзиньтао.

Соңғы жаңалықтар