ШЫҰ-ға мүше-елдер Үкімет басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды

Атап айтқанда, Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2013 жылғы бюджеті туралы, ШЫҰ-ның 2011 жылғы бюджетін орындау жөніндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының қаржылық есебі туралы, ШЫҰ-ға мүше-елдердің көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасын жүзеге асыру барысы жөніндегі ШЫҰ Хатшылығының есебі туралы, ШЫҰ-ға мүше-елдер Үкімет басшылары кеңесінің шешімі, ШЫҰ Даму қоры (Арнайы шот) мен ШЫҰ Даму банкі туралы, ШЫҰ-ға мүше-елдер Үкімет басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен каммюнике, Төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көмек көрсетуде өзара әрекеттестік туралы ШЫҰ-ға мүше-елдер Үкіметтері арасындағы келісімнің Хаттамасы, ШЫҰ-ға мүше-елдердің кеден қызметтері арасындағы зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша ынтымақтастық туралы меморандум.