ШЫҰ-ға мүше елдер үкіметтері басшылары Кеңесінің 14-ші отырысы көпжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін береді - сарапшылар

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШЫҰ-ға мүше елдер үкіметтері басшылары Кеңесінің 14-ші отырысы 14-15 желтоқсанда Хэнань провинциясында (Орталық Қытай) Чжэнчжоуда өтеді, деп хабарлайды Синьхуа.

 ШЫҰ-ға мүше елдер үкіметтері басшылары Кеңесінің 14-ші отырысы көпжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін береді - сарапшылар

Сарапшылардың пікірінше, бұл отырыстың ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық деңгейін арттыру, Қытайдың тиісті елдермен қатынасын тереңдету және өңірлік гүлдену мен тұрақтылықты қолдау үшін маңызды мәні бар.

ШОС аясында үкімет басшыларының алдағы өтетін отырысында қауіпсіздік, сауда және экономика саласындағы практикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады.

Қытай Халықаралық мәселелер жөніндегі зерттеу институтының Әлемдік энергоресурстарды стратегиялық зерттеу орталығының басшысы Ши Цзэ бұл кездесудің басты тақырыптарының бірі терроризммен күрес мәселесі болады деп санайды.

ҚХР СІМ орынбасары Чэн Гопиннің айтуынша, ШЫҰ-ға мүше елдер үкіметтері басшыларының кездесуі барысында өңірлік экономикалық ынтымақтастық, Жібек жолы экономикалық белдігі құрылысымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әр елдің даму стратегияларының түйіндесуі туралы мәлімдеме қабылданады.

Бұдан басқа мүше елдер ШЫҰ еркін сауда аймағын құру, ШЫҰ Даму банкін қалыптастыру, инвестициялық және сауда-экономикалық байланыстарды ынталандыру мәселелерін талқылайды.