ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаты көзделіп отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасы «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» деп аталады.
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы мамырдың 30-ындағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес халықаралық бейбітшілікті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі халықаралық шарттар ратификациялауға жатады.
Осы Келісімнің мақсаты халықаралық ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қатерлерге бірлескен ден қою үшін негіздер құру, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық кеңістікте құқық бұзушылықтарды болғызбау және жолын кесу жөнінде халықаралық өзара іс-қимылды дамыту болып табылады.
Келісімді ратификациялау Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара тиімді және тең құқықты көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
Бұл заң жобасы бойынша Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті қорытынды әзірлейтін болады.